Can't see images? Click here...
Keep Calm and Carrion

ХСҚ-ның 2021 жылғы наурыз айындағы бюллетені

Ерікті аудармашылардың арқасында бұл электрондық бюллетенмен бірнеше тілдерде танысуға болады. Егер сіз осы аударымдарға қатысқыңыз келсе, muehle@iaf.org -қа хабарласыңыз. Егер сіздің ана тіліңіздегі нұсқа мұнда көрсетілмесе  Facebook page

парағымыздан қарап көріңіз.

Делегаттарға, клуб өкілдері мен аудармашыларға арналған маңызды ескерту: осы электронды бюллетенді өзіңіздің саятшылар ұжымына және басқа саятшылыққа әуес жандарға, клуб мүшелеріне «әлеуметтік желілерде» жарияланған көп тілдегі нұсқаларларын  тарату арқылы  - ортамыздың толуына ықпал жасаңыз!

Берн конвенциясының мониторингі кезеңіндегі маңызды 200 іс файлдары

Ақпан айында Берн конвенциясы өзінің 200-ші ісін тіркеді. Бұл жаңашыл жүйе 1984 жылдан бастап ұйымдар мен жеке адамдарға Берн конвенциясының бұзылғандығы туралы хабардар етуге мүмкіндік беріп, мәселені тұрақты еуропалық форумға шығарады.

Жүйе жергілікті, ұлттық және халықаралық мүдделі тараптар арасында сындарлы талқылаудың бірден бір құнды құралы болып отыр. Мүдделі тараптар үкіметке қарсы іс қозғауды қолдай алады, олар оны қорғауға және егер дәлелденсе, жағдайды түзетуге міндетті.

Тұрақты комиссия осы мүдделі тараптарға (ХСҚ  сияқты ҮЕҰ) пікір алмасу және жалпы шешімдер іздеу алаңын ұсынады, сонымен бірге қатаң және икемсіз санкциялардың орнына біртұтас және ұжымдық кеңестерді қолдайды. Сонымен қатар, табиғи тіршілік ету ортасы мен түрлері адам жасаған шекараны бойұсынбайтынын ескере отырып, жүйе сонымен қатар күрделі трансшекаралық мәселелерді шешетіндігі және шешуге ықпал жасайтын болғандықтан да маңызды.

Тұрақты комиссияның төрағасы Яна Дуркошованың хабарламасының толық мәтінін оқу үшін мына жерді басыңыз.

Егер сіз IAF-тің Берн конвенциясы туралы көбірек ақпарат алғыңыз келсе немесе Берн конвенциясының отырысына қатысқыңыз келсе, IAF хатшылығымен info@iaf.org мекен-жайы бойынша байланысыңыз.

Онтарио, Канадада саятшылық заңнамалар базасындағы қомақты жағымды өзгертулер

Мен Онтариодағы саят саласындағы айтарлықтай жетістіктер туралы хабарлауға өте қуаныштымын. Онтарионың табиғи ресурстар және орман шаруашылығы министрі, құрметті Джон Якабуски бүгін жаңа ережелерді бекітті:

Квота мен арнайы рұқсат талаптарын алынып тасталып, барлық лицензияланған саятшыларға жылына 4 құс түрлерінен 1 құс жинауға мүмкіндік береді және алғаш рет солтүстік қаршыға құсына  шектеу қойылады.

Бұл іс-шаралар бірнеше себептер бойынша өте маңызды, оның ішінде:

Бұл Онтарионың лицензиясы бар саятшылар жыртқыш құстарды рұқсатсыз аулауға мүмкіндік беретін екінші канадалық (Саскачеваннан кейін) аймақ.

Бұл саясатта емес, реттеуде кең таралған тау-кен өндірісінің тәжірибесін сақтайды, бұл әлдеқайда сенімді және тұрақты құқықтық база.

Бұл Онтариодағы сұңқар аулау практикасын едәуір кеңейтіп, қызыл құйрықты қаршығалардың саятта пайдалануы үшін жалпыға қол жетімді етеді.

Ол табиғатты  реттеу, басқару,  қорғауға ықпал етеді деген ғылым мен сенімділікті қолдайды.

Жабайы саят құстарын алғаш рет Онтариода 2012 жылы арнайы рұқсатпен 4 қарапайым түрден 25 құсты табиғаттан аулауға мүмкіндік берді. Бұл провинциядағы саятшылықты өзгертті, бірақ өтініш бергендердің тек жартысына жуығы кез-келген жылы рұқсат ала алды. Бұл әсіресе алғашқы құсын алғысы келетін оқушыларға қиын болды. Бүгінгі шешім бұл шектеулерді жояды және ережелерде жабайы жыртқыштардың қолданылуын қосып, күшейте отырып, Канаданың ең көп шоғырланған провинциясында аң аулау дәстүрлерінің болашағын шынымен қамтамасыз етеді.

Бұл біздің барлығымыз үшін тамаша күн, мен ХСҚ -ның маңызды қолдауын, сондай-ақ АҚШ пен Канададан келген NAFA мүшелерінің көптеген пікірлерін мойындағым келеді. Халықаралық қолдау Министрліктің назарынан тыс қалған жоқ ... және Онтарионың саятшылары кішіпейілділікпен бағалады!

Баршаңызға рахмет,

Мартин Гелейнсе

ХСҚ делегаты, Канада. Онтарио Қаршығашылар клубының бұрынғы президенті

«Тәжірбие алмасу» сұхабат топтамасы

Тағы бір жағымды жаңалық! Томаға жасау жөніндегі тәжірбиелерімен бөліскені және өзінің кейбір жұмыстарын көрсеткені үшін Америка Құрама Штаттарынан шебер Стив Тэйтке рахмет. Тікелей эфирге 70-тен астам қатысушымен бірге көптеген саятшылардың жазба сілтемелерін сұратқан үлкен жетістік.

Егер сіз әр  жексенбіде өтетін осы Zoom сессияларына қатысқыңыз келсе, info@iaf.org мекен-жайынан Zoom сілтемесін сұраңыз. Егер сіз орналасқан уақыт белдеуі сіз үшін қатысуға ыңғайсыз болса, онда жазбаның сілтемесі арқылы танысуға болады.

Алдағы келіссөздер туралы толық ақпаратты  ХСҚ-тың  әлеуметтік медиа парақтарын қадағалап немесе өзіңіздің ұлттық делегат, клуб жетекшілеріңізден  алуға болады.

Жеке мүше жазылушысы болыңыз

ХСҚ-на ЖЕКЕ ЖАЗЫЛУШЫЛАРҒА қауымдастықтың  іс-шараларына қатысуға және біздің ұйымға волонтер болуға  шақырады. Жеке жазылушылар сонымен қатар жыл сайын шығарылатын жоғары сапалы ХСҚ-тың International Falconry журналы  көшірмесін алады.

ХСҚ-тың Facebook-тағы парақшасы

Электронды бюллетень мен хат жіберу

Егер сіз осы электронды бюллетеньдер мен хаттар үшін ХСҚ ның тарату тізіміне қосылғыңыз келсе, түймеге басыңыз.

Email-ыңызды ХСҚ тарату тізіміне қосыңыз

Делегаттар мен клуб жетекші  тұлғаларына ескерту: аталмаш  ХСҚ-ның электронды  бюллетен  жариялаумен қатар журнал мақалаларын өзге де жағыдайда пайдалануды өтінеміз.

 

International Association for Falconry and Conservation of Birds of Prey

info@iaf.org

www.iaf.org

LIKE TWEET FORWARD

You have received this email as a National Delegate or representative of an IAF member club or organisation, or as someone interested in our work.

Unsubscribe

MailerLite